Ауғанстанда Барлау басқармасының бас прокурорына шабуыл жасалды

Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік әрекет жасалып, осы елдің Барлау басқармасының бас прокуроры мен оның күзетшісі қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 8 кісі жарақат алды. Оқиға Лашкаргах қаласында болды. Бір лаңкес жарылғыш зат салынған көлікті жоғары лауазымды шенеунік мінген көліктер керуеніне жақындап келіп жарып жіберген. Шабуылды қан лаңкестік топ ұйымдастырғаны әлі белгісіз.