Бразилияның Сан-Паулу штатында шектеулер қайта қатаңдатылды

Бразилияның Сан-Паулу штатында індеттің күшеюіне байланысты шектеулер қайта қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара екі аптаға созылмақ. Осыған байланысты өңірдегі көптеген кәсіпорын уақытша жабылып, мекемелердің көбі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Ал кешкі сағат 20:00-ден таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Хосе Донизете, жергілікті тұрғын:

- Үкімет мұндай шараға науқастар санының күрт өсуінен барып отыр. Бірақ шектеу шаралары экономикаға кері әсер етіп жатыр. Сауда жоқ, кәсіпорындар банкротқа ұшырауда. Адамдар осыны түсініп тәртіпке бағынуы тиіс.