БҰҰ-ның назар аударуын сұраймыз – мьянмалықтар

БҰҰ-ның назар аударуын сұраймыз – мьянмалықтар

Таиландта мыңдаған мьянмалық БҰҰ өкілдігінің алдына жиналып, әскерилердің билікті басып алуына қарсы шеру өткізді.

Акцияға қатысушылар хунтадан саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Жиналған қауым әскерилер бейбіт тұрғындарды қудалап, жағдайды ушықтырып отыр дейді.

Еске сала кетейік, Мьянмада ақпанның бас кезінде әскери төңкеріс болған еді. Содан бері толқулар жалғасып келеді. Полициямен қақтығыстардан 50-ден астам адам мерт болған.

Дип, шеруге қатысушы:

– Біздің басты талабымыз – демократия. БҰҰ қандай іс-шараларды қолға алмасын, бізге қолдау көрсетуге тиіс. Біз халықаралық қауымдастықтың Мьянмадағы жағдайға назар аударғанын қалаймыз.

Ал Мьянмада билікті басып алған әскерилерге қарсы наразылық шерулері жалғасып жатыр. Әскерилер соңғы апталарда шерушілерді қудалап, жазалауды күшейткен. Бірақ осыған қарамастан Мандалай, Янгон қалаларында әскерилерге қарсы тағы ірі наразылық акциялары өтті.