Экваторлық Гвинеяда қатарынан бірнеше жарылыс болды

Экваторлық Гвинеяның батысындағы Бата қаласында бірнеше рет жойқын жарылыс болды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әскери базада болған жарылыстардан 17 адам мерт болған.

Кей ақпарат көздері 20 адам көз жұмғанын хабарлайды. Жергілікті ауруханаларда жарақат алған 600-ге жуық адам ем қабылдап жатыр. Мамандар жарылыстан бірнеше тұрғын үйдің тас-талқаны шыққанын айтады. Қазір апат орнынан халықты эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.