430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Амстердамда тәжірибе ретінде концерт ұйымдастырылды

  • 127
  • UPD: 10:51, 08.03.2021
Амстердамда тәжірибе ретінде концерт ұйымдастырылды

Нидерландтағы Амстердам қаласында тәжірибе ретінде концерт ұйымдастырылды. Шаһардың ірі концерт залында өткен шараға 1 мың 300-ден астам адам қатысты.

Жергілікті билік бұл арқылы індет жағдайында осындай мәдени шараларды ұйымдастыру қаншалықты қауіпсіз екенін зерттемек. Ол үшін шараға қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, әртүрлі міндеттер жүктеді. Мысалы, бір топ бетперде тағуы керек болса, енді бірі барынша айғайлауы тиіс. Концерт тәжірибе ретінде өткізілгеніне қарамастан оған қатысуға 100 мың адам өтініш берген.

Андреас Восс, зерттеуші:

- Біз концертті алдағы уақытта осындай шараларды өткізу мүмкіндігін зерттеу үшін ұйымдастырдық. Бірақ оның қорытындысы 100 процент дәл болады деп ойламаймыз. Дегенмен, зерттеу мәліметтері бізге көп адам қатысатын шараларды өткізуде көмек болады.

Хабар 24 телеарнасы