Румынияда шектеулерге қарсы шеру өтті

Румыния астанасы Бухарестте 3 мыңға жуық адам вакциналауға қарсы шеруге шықты. Олар осы елдің түкпір-түкпірінен жиналған.

Билік бүгіннен бастап 14 күндік жаңа шектеулер жариялады. Яғни 2 апта бойы мейрамханалар, дәмханалар, театрлар мен басқа да ойын-сауық орындары жабық тұрады. Кейбір өңірлерде түнгі коменданттық сағат енгізілген. Шектеулерді күшейтуге соңғы күндері мың тұрғынға шаққанда науқастар саны 3 адамға көбеюі себеп болған. Ереуілшілер «еркіндік керек», «бетпердені тастаймыз» және «мәжбүрлі вакциналауға жол жоқ» деп ұрандатты.

Айта кетейік, ресми ақпарат бойынша Румынияда бұған дейін 1 миллион 700 мыңнан астам тұрғын екпе салдырып үлгірген.

Джордж Симион, белсенді:

- Біз негізі вакциналауға қарсы емеспіз. Тек түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп, әркімге таңдау құқығы берілсе дейміз.