Прагада шектеулерге қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты

Чехия астанасында шектеулерге қарсы бейбіт басталған шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Прагадағы ереуіл 2 жерде өткен. Тәртіп сақшылары наразы топтың алаңдарға баруына тосқауыл қойған. Бірақ бұған көне қоймаған белсенділер полицейлермен ұстасып, жаға жыртысты.

Қақтығыс салдарынан жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Тек 2 адам қамауға алынған. Чехияда жаңа жыл қарсаңында коронавирустың өршуіне байланысты мейрамхана-дәмханалар, қонақ үйлер, тамақ пен дәрі-дәрмек сатпайтын барлық сауда орындары жабылып, кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат жарияланған болатын.