Венгрияда шектеу шаралары күшейтілді

Венгрияда қатаң шектеу шаралары қайта күшейтілді. Жаңа ережеге сай елдегі барлық балабақшалар мен бастауыш сыныптар уақытша жабылды. Тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастыра бермек.

Жергілікті билік компаниялардың қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге шақырады. Венгрияда коронавируске қарсы екпе егу науқаны қызу жүріп жатыр. Елде Pfizer - BioNTech, Moderna, AstraZeneca, ресейлік «Sputnik V» мен қытайлық препарат қолданысқа енгізілген.

Сондай-ақ...