433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубай әуежайында адамды тоғыз секундта тексеретін құрылғы іске қосылды

  • 200
  • UPD: 22:21, 08.03.2021

Дубайда әуежайда жолаушыларды 9 секундта тексеріп, тіркейтін жаңа технология енгізілді.

Заманауи құрал электронды қақпамен және лазерлі сканермен жабдықталған. Осы құрылғылар адамның бетін түсіріп, жеке мәліметтерін лезде анықтайды. «Ақылды құрал» Дубайдағы халықаралық әуежайдың 122 қақпасына орнатылған.

Компания өкілдері «технология жүйесін жетілдіре береміз» дейді.

Ахмед Әл-Марри, компания өкілі:

- Қазірдің өзінде 154 мың жолаушыны осы жүйе арқылы өткіздік. Барлығы дерлік риза. Бірақ мұнымен тоқтатамаймыз. Жұмысты жеңілдететін және уақытты үнемдейтін жаңа технологиялар ойластыра бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы