Ресейде гүл саудасы қызып тұр

Биыл Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүл саудасы өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге қызи түсті.

Шектеулерге қарамастан жақындарына құшақ-құшақ гүл сыйлап, қуантып жатқандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Мәселен, Ресейде ақпанның ортасынан бері 9 мың тонна түрлі гүл импортталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш. Тіпті курьерлік қызмет те пандемияға дейінгі кезеңге қарағанда жүйелі түрде жолға салынған. Тауарды жеткізуші елдердің ішінде Нидерланд, Эквадор, Кения мен Колумбия елдері көш бастап тұр.

Ольга Шубладзе, сатушы:

- Бұл мерекеге ерекше дайындаламыз. Түрлі гүлдерді алдын ала тапсырыс беріп қоямыз. Өйткені мереке қарсаңында және мереке күні гүл саудасынан бір жылдық табыс бір-ақ түсуі мүмкін. Сондықтан барынша көп тапсырыс беріп қоюды құп көреміз.