АҚШ-та Флойдтың өліміне қатысы бар полицейлер соты басталып жатыр

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындамақ болған полицейлердің соты басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты жүздеген адам көшеге шығып, құқық қорғау органдары тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өткізді.

Митинг бейбіт өтті. Бірақ шерудің соңы бүлікке ұласып кете ме деп алаңдаған билік оған қазір барынша дайындалып жатыр. Мәселен, Миннеаполис мэриясы қаладағы полиция бөлімшелерінің қоршауларын бекітуге 1 миллион доллар қаржы бөлген. Өйткені былтырғы тәртіпсіздіктер кезінде ереуілшілер Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар офицер жұмыс істеген жерге от қойған болатын.

Сондай-ақ...