Вьетнамда халықты жаппай вакциналау науқаны басталды

AstraZeneca өнімі алдымен медицина қызметкерлеріне салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы екпе егудің алғашқы кезеңінде 9 топқа басымдық беріледі. Олардың арасында егде жастағы азаматтар, полицейлер мен әскери қызметкерлер бар.

Айта кетейік, Вьетнам үкіметі вакцинаның 150 миллион дозасын сатып алуды көздеп отыр. Оның бір бөлігі Covax бастамасы аясында жеткізіледі.

Нгюн Ти Хьюн, медбике:

- Бұл күнді ұзақ күттім. Коронавирусқа қарсы вакцина енді бәріне бірдей қолжетімді болып, қалыпты өмірге қайта ораламыз деп үміттенемін.