Әлемде бір күнде 350 мың адам COVID-19 жұқтырған  

Әлем бойынша бір тәуліктің ішінде 354 мың 629 адам коронавирус індетіне шалдыққан.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Осылайша пандемия басталғалы бұл дертті 116 млн-нан астам адам жұқтырған екен. Олардың  2,5-млнан астамы көз жұмды. Ұйым өкілдері вирустың таралуы  сәл де болса бәсеңдегенмен, аурудың екінші толқыны әлі де аяқталмағанын алға тартады. Жалпы мамандардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда жер бетінде коронавирус дертінен ер адамдардан гөрі әйелдер қауымы көбірек зардап шеккен. Мәселен, нәзік жандылар тұрмыстық зорлық-зомбылық, жұмыссыздық сияқты қиыншылықтарға тап болған. Оған қоса медицина қызметкерлерінің басым бөлігі әйелдер.