Еуроодақ 100 млрд еуро жоғалтуы мүмкін

Еуропалық одақ вакциналау мерзімінің кешігу салдарынан 100 миллиард еуро жоғалтуы мүмкін.

«Блумберг» агенттігінің мәліметі бойынша, Ұлыбританияда екпені 100 адамның 33-і, АҚШ-та 25-і қабылдаса, Еуропалық одақтың 8-і ғана вакцина салдырған. Екпе науқанының баяу жүруі әлемдік инвесторларды қатты алаңдатуда. Вакциналаудың жоспарлы мерзімнен артта қалуына препараттардың уақытылы жеткізілуі мен халықтың дер кезінде егілмеуі себеп. Сарапшылар вакциналау тежелсе, еуроаймақтағы экономиканың қалыпқа келуі де созылады деп ескертуде.