Нью-Йоркте жоғары сынып оқушылары мектепке оралады

Нью-Йорктегі эпидахуалдың оңалуына байланысты мектептер наурыздың 22-сі қайта ашылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру мекемелері өткен жылдың қараша айынан бері жабық. Билік өкілдерінің хабарлауынша, шаһардағы 488 орта мектебінің 9 бен 12-сынып оқушылары партаға қайта отырады. Қалған 282 мың оқушы оқуын әзірге онлайн жалғастырады. Бастауыш сынып оқушылары білім беру мекемелеріне өткен айда оралған. Қала мэрі Билл де Блазионың айтуынша, қыркүйек айында қашықтан оқып отырған оқушылардың барлығы мектепте білім алмақ. Ал жоғары сынып оқушылары арасындағы спорттық жарыстар мен жаттығулар сәуір мен мамыр айларында жанданбақ.