Экваторлық Гвинеяда жарылыс құрбандарының саны 98 адамға жетті

Экваторлық Гвинеяда Бата қаласындағы әскери базадағы бірқатар жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 98 адамға жетті.

615 адам жарақат алды, оның 299-ы ауруханаларда жатыр.

Ел президенті Теодоро Обианг Нгема Мбасого азаматтарға үндеуінде қайғылы оқиғаның екі ықтимал себебі қарастырылып жатқанын айтты: әскерилердің динамитпен жұмыс істеудегі немқұрайлылығы және өрт қою.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскери базадан бөлек, тұрғын үй кешені де айтарлықтай зақымданған.

Экваторлық Гвинеяда қатарынан бірнеше жарылыс болғанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ...