АҚШ-та оқушы сабақ үстінде байқаусызда бомба жарып жіберді

АҚШ-тың Мичиган штатында мектепке қолдан жасалған бомба алып барған оқушы оны байқаусызда жарып жіберді.

Оқиға салдарынан кем дегенде бес оқушы мен мұғалім жарақат алды, деп хабарлады жергілікті полиция.

Оқиға Ньюэйго елді мекенінде болған. Тергеудің алдын ала нәтижелері бойынша 16 жастағы мектеп оқушысы білім беру мекемесіне әкелінген құрылғыны байқаусызда жарып жіберген. Салдарынан өзі орташа дәрежелі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ кем дегенде тағы төрт оқушы жеңіл жарақат алып, медициналық мекемеге өздері барды. Мектеп оқушылары эвакуацияланды.

Оқиға бойынша одан әрі тергеу жүргізілуде.