430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мьянмада ереуілдер басылмай тұр

  • 114
  • UPD: 13:41, 09.03.2021
Мьянмада ереуілдер басылмай тұр

Мьянманың Янгон қаласында бұлқынған халық басылар емес. Тұрғындар коменданттық сағатқа қарамастан көшеге шығып түнімен ереуілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт қамауда отырғандарды босатуды талап етіп отыр. Тәртіп сақшылары заң бұзушылыққа барғандар жазаланатынын ескерткенмен оларға құлақ асқандар болмады.

Айта кетейік, шетел басшылары мен халықаралық ұйымдар әскерилердің әрекетін қатаң сынға алып, зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырады. Бұған қарамастан аймақтағы жағдайдың тұрақталар түрі жоқ.

Естеріңізге салайық, Мьянма әскері 1 ақпан күні билікті басып алып, әскери төңкеріс жасаған. Билік әскер басшысы, 64 жастағы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Ал ел парламентінің ондаған өкілі мен Мьянма президенті қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы