432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гавайдағы Мауаи аралында су бөгеті жарылды

  • 120
  • UPD: 13:41, 09.03.2021
Гавайдағы Мауаи аралында су бөгеті жарылды

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан аймақтағы жолдар су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бөгеттің жарылуына бірнеше күн төпелеп жауған жауын себеп болғанын айтады. Құтқарушылар қауіпті аймақтардан жүздеген халықты эвакуациялап үлгерді. Қазір олар уақытша баспанаға орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы