430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландияда алғашқы ірі вакциналау орталығы ашылды

  • 165
Жаңа Зеландияда алғашқы ірі вакциналау орталығы ашылды

Емхана елдің оңтүстігіндегі Окленд қаласында жұмысын бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпені бірінші кезекте шекара қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері алып жатыр. Жоспар бойынша вакцина күніне 150 адамға салынуы тиіс. Шенеуніктер алдағы апталарда тағы 2 орталық ашылатынын жеткізді. Айта кетейік, бұл елде осы аптада «Файзер» екпесін салу науқаны басталды. Билік барлық тұрғынды жыл аяғына дейін вакциналап бітіреміз деп отыр.

Дениз Фогасаваи, жергілікті тұрғын:

– Көптеген қария екпе алудан шынымен қорқатын сияқты. Бүгін біразы вакцина салдырды. Бұл - маңызды іс-шара. Сондықтан кәрі-жас демей, бәрінің алғаны дұрыс.

Перуде жасы 60-тан асқан қарияларға екпе салына бастады. Бұл елде де «Файзер» вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат етілген. Перу алғашқы 50 мың дозаны өткен аптада алдырған болатын. Алғашқы препаратты 104 жастағы кейуана қабылдады. Билік наурыз айының аяғына дейін 250 доза салуды жоспарлап отыр.

Фиорела Молинелли, қоғамдық саулық қауіпсіздігі бойынша атқарушы директоры:

– 11 мың доза үйде отырған адамдарға салынады. Бүгінде 50 жылжымалы бекет ашылды. Олардың әрқайсысында бір медбики, бір дәрігер мен бір полицей бар.

Хабар 24 телеарнасы