Қытайда туристерге арналған «денсаулық паспорты» енгізілді

Қытайда саяхатшыларға халықаралық денсаулық сертификаты бағдарламасы енгізіледі.

Оны жергілікті Wechat мессенджері ресми түрде іске қосты, деп хабарлады Интерфакс.

Сертификатта оның иесіне COVID-19 вакцинасының салынған-салынбағаны, сондай-ақ IgG антиденелеріне жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы ақпарат болады. Кез келген мекеме QR кодын сканерлеу арқылы қажетті ақпаратты ала алады.