433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда оқушылар мектепке орала бастады

  • 125
  • UPD: 19:32, 09.03.2021
Британияда оқушылар мектепке орала бастады

Британдық балалар қайтадан мектепке орала бастады.

Еске сала кетсек, елдегі қатаң локдаунға байланысты оқушылар жарты жылдан астам уақыт бойы сабақты үйден оқуға мәжбүр болды.

Енді билік өкілдері «білім беру мекемелерін жаппаймыз» деп уәде беріп отыр.

Өйткені мамандардың айтуынша, мектептер инфекция ошағына жатпайды.

Айта кету керек, балалардың білім ордасына оралуы Ұлыбританиядағы шектеу шараларын жеңілдетудің алғашқы кезеңі саналады. Енді наурыздың соңына қарай азаматтардың шағын топпен жиналуына рұқсат берілмек. Ал сәуірдің ортасында азық-түлік сатпайтын дүкендер жұмысын жандандырады.

Хабар 24 телеарнасы