430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр

  • 121
  • UPD: 22:59, 09.03.2021
Германия шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр

Германияда екі айға созылған шектеу талаптары біртіндеп жеңілдетілп жатыр. Мәселен, елдегі гүл дүкендері, сән салондары мен жаттығу залдары қайтадан ашылды.

Өйткені коронавирустың беті қайтып, жағдай түзеле бастады, дейді биліктегілер. Вирустың таралуы қайта ушықпаса, алдағы апталарда ашық аспан астындағы мейрамханалар, кинотеатрлар мен театрлар да жұмыс істей бастайды.

Александр Шёфлер, Эрдинг қаласының тұрғыны:

- Дүкендер әйтеуір ашылды. Автотұрақта тұрған көліктерге қарап, бәрінің сауда жасауға асық екенін аңғаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы