Украинада мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірген

Украинаның Ровненск облысында мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді.

Бұл туралы Жедел медициналық көмек көрсету орталығының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал шақалақтың бетінде мысық ұйықтап жатқан.

Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған.

Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.