430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиланд премьер-министрі журналистерге антисептик шашты

  • 121
  • UPD: 12:00, 10.03.2021

Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз мәслихатында журналистерге қолды тазартуға арналған зарарсыздандырғыш шашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Head Topics басылымына сілтеме жасап.

Шенеуніктің бұл әрекетіне министрлер кабинетіндегі ауыс-түйіс туралы сұрақ қойған тілші себеп болғаны хабарланды. Жергілікті тілшілердің бірі жаңадан тағайындалған шенеуніктердің атын атауды сұраған.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, Таиланд премьер-министрі осындай іс-әрекеттерімен танымал. Ол бұған дейін де журналистерге жауап беру кезінде тілшілердің бірінің құлағын ұстап, операторларға банан қабығын лақтырып жіберген. Чан-Оча 2014 жылы әскери төңкерісті басқарды, ал 2019 жылы наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін үкімет басшысы болып тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы