Илон Маск бір тәулікте 25 млрд долларға байып кетті

SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Масктың байлығы бір тәулікте рекорд 25 миллиард долларға өсіп кетті.

Бұл туралы Блумберг агенттігінің мәліметтерін келтіре отырып, Риа Новости хабарлайды.

BBI мәліметтері бойынша Масктың жағдайы енді 174 млрд долларға бағаланып отыр. Алайда рейтингте капиталы 180 млрд долларға бағаланып отырған Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостан кейін екінші орында тұр. Өткен тәулікте Безостың байлығы 5,95 млрд долларға өсті.

Айта кетейік, қаңтардың басында Маск BBI рейтингі бойынша Безосты озып, әлемдегі ең бай адамдардың тізіменде көп бастаған еді. Бірақ қазіргі уақытта екінші орынға қайта түсті.

Forbes Real-Time мәліметтері бойынша Масктың байлығы бір тәулікте 22,6 млрд долларға – 166,0 млрд долларға (екінші орын), Безостың байлыңы 5,9 млрд долларға – 179,9 млрд долларға дейін (бірінші орын) өсті.

Айта кетейік, Илон Маск Tesla акцияларының құлауының салдарынан 27 миллиард долларын жоғалтты.

Сондай-ақ...