АҚШ-та вакцинаның екі дозасын алғандарға шағын топтарда кездесуге рұқсат етілді

АҚШ-та вакцинаның екі дозасын алған адамдарға үй ішінде шағын топтарда кездесуге рұқсат етілді.

Қоғамдық орындарда бетперде кию міндетті болып қала береді. Бұл Президент Әкімшілігі мақұлдаған алғашқы кішігірім жеңілдіктер. Бұған дейін бірқатар мемлекеттер шектеулердің көп бөлігін алып тастаған, бірақ шешімдер жергілікті деңгейде қабылданған.

Ресей Еуропалық Одақ аумағында «Спутник V» вакцинасын өндіру туралы алғашқы келісім жасады. Шілде айынан бастап итальяндық-швейцариялық Adienne фармакологиялық компаниясы айналысады. Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі ЕО аумағында «Спутник V» қолдануды әлі мақұлдаған жоқ, бірақ кейбір елдер ресейлік вакцинаны қолдана бастаған.

Францияның Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жером Саломонның мәлімдеуінше, Париж бен оның айналасындағы ауруханалар вирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты қауырт режимде жұмыс істеуде. Бұл ретте билік аймаққа локдаун енгізбейтінін хабарлаған.

Қытай вакциналық паспорт деп аталатын бағдарламаны іске қосқан әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл вакцинациядан өткен Қытайдың әрбір тұрғыны арнайы цифрлық платформадан жүктеп, шетелге шығу кезінде ұсынылатын құжат болып табылады.

Израиль аумағында жұмыс істеуге құқығы бар палестиналықтарды вакцинациялау бағдарламасын бастады. Құқық қорғау ұйымдары, Израиль билігі Палестина автономиясының тұрғындарына вакцина егу мәселесін толығымен өз қолына алуы керек деп есептейді.

Сондай-ақ...