Перуде КВИ кесірінен жетім қалған балаларға өтемақы беріледі

Перуде коронавирустың кесірінен ата-анасынан айырылған балаларға мемлекеттен өтемақы беріледі.

Бұл туралы жергілікті үкіметке сілтеме жасаған ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Ақшалай көмек сомасы 54 долларды құрайды. Оны жасы 18-ге толмаған жеткіншектер алады. Қазіргі есеп бойынша бұл санатқа жататын 11 мыңдай бала бар.

Естеріңізге сала кетейік, Перу ковид-19-дан ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Соңғы мәлімет бойынша 1 миллион 380 мың тұрғын індет жұқтырған.

Сильвана Варгас, Перудің даму және әлеуметтік интеграция министрі:

- Ковид-19 кесірінен ата-анасын жоғалтқан балалар мен жасөспірімдер арнайы өтемақылар алады. Жақын арада ақшаны аударудың бірінші кезеңіне кірісеміз.