Венгриялық кондитер діни мерекеге тарту жасады

Венгриялық кондитер шоколадтан қоян мен вакцина жасады. Тәтті салпаңқұлақтың қолындағы шприц арқылы вакцина қабылдаған тұтынушы коронавирус жұқтырмайды.

Кәсіби ісін осындай жақсы ниетпен байланыстырған аспаз жергілікті діни мейрамға тарту жасады. Сондай-ақ оның дәмханасында шприці жоқ шокола қояндар да бар. Бұлар негізінен балаларға арналған. Себебі кішкентайлар инені көргенде шошып қалуы мүмкін дейді кондитер.

Ласло Римоци, кондитер:

- Бір жағынан, бұл өнім қазіргі қиын кезеңді де білдірсе керек. Екінші жағынан, тұтынушыларға жақсы белгі бергіміз келеді. Қояндарға бетперде тағылмаған, ал вакцина үміт сәулесі іспетті.

Сондай-ақ...