Pfizer вакцинасы «бразилиялық штамды» жоюға қауқарлы – Ғалымдар

«Пфайзер» компаниясының вакцинасы коронавирустың «бразилиялық штамын» жоя алады. Бұл екпені жасаған мамандар бірнеше зертханалық зерттеуден кейін осындай шешімге келді.

Сынақ кезінде алдында вакцина салдырған еріктілердің қан үлгілері алынған. Нәтижесінде олардың бойында жаңа мутацияны жойып жіберетін антиденелер қалыптасқаны белгілі болды. Зерттеушілер препарат ковид-19 түпнұсқасына қалай әсер етсе, штамға да солай әсер етеді деп мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін «Пфайзерді» өндірушілер олардың екпесі «британдық» және «оңтүстік африкалық» мутациялардан да қорғайтынын дәлелдеген еді.

Сондай-ақ...