2020 жыл АҚШ тарихында өлім-жітім ең көп тіркелген жыл болды

Құрама Штаттар тарихында 2020 жыл өлім-жітім ең көп тіркелген жыл болды. Дерекке қарағанда былтыр Құрама Штаттарда 3 миллионнан аса адам қайтыс болған.

Ал коронавирус жүрек аурулары мен қатерлі ісіктен кейін адамдар көп өлген дерт болып тіркелді. Ковид-19-дан елдегі өлім 15 процентке өскен.

Ал соңғы мәлімтке сәйкес, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 29 миллионнан асып, дерттен 530 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Елде жұқпалы дертке қарсы жаппай вакциналау былтыр желтоқсан айында басталды. Осы мақсатта 3 вакцина ресми тіркеуден өтіп бекітілген.