Индонезияда жол апатынан қаза тапқандар саны артты

Индонезияның Ява аралында жолаушыларға лық толы туристік автобус аңғарға құлады. Оқиғадан қаза тапқан адам саны 27-ге жетті.

Тағы 39 жолаушы түрлі жарақат алған. Олардың 13-і ауыр халде жатыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, көлікте көбінесе мектеп оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер отырған. Барлығы 66 адам. Мамандар автобустың тежегіші істен шығуы мүмкін деп болжайды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр. Апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу ісі басталып кетті. Ал жарақат алғандардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.