Боливияда су тасқынынан халық әбігерге түсті

Боливияның солтүстігінде су тасқыны басталды. Өзендер арнасынан тасып кеткен өңірлер «апатты аймақтар» деп танылған.

Құтқарушылар су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына азық-түлік пен қажетті заттарды жеркізіп жатыр. Әскерилер болса қауіпті жерлерден халықты эвакуациялауға кірісті.

Айта кетейік, Боливиядағы жауын-шашын маусымы әдетте су тасқынына ұласады. Биыл табиғат апатынан 2 жарым мың үй шаруашылығы зардап шекті.