Австралияда туризм саласын қолдауға 928 млн доллар бөлінді

Австралияда үкімет туризм саласын қолдау үшін 928 миллион доллар қаржы бөлді.

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді. Қаржылай көмек сыртқы шекара жабық болғандықтан ішкі туризмді дамытуды көздейді. Оған сай ел ішінде 13 бағыт бойынша 800 мың ішкі рейс билетінің құны субсидияланып, шағын туроператорларға арзан несие бөлінеді. Осымен бірге бірқатар жергілікті әуе компанияларына 200 миллион доллар көлемінде қолдау көрсету қарастырылған.

Алан Джойс, Әуе компаниясының бас атқарушы директоры:

- Бұл Австралия авиациясы үшін, әсіресе, соңғы жылы індеттен қатты зардап шеккен Куонтас әуе компаниясы қызметкерлері үшін жағымды жаңалық. Қазан айына дейін халықаралық байланыс қалпына келмеуі мүмкін. Сондықтан қаржылай көмек мамандарымыздың жалақы алып, жұмысын жалғастыруға көмектеседі.