Еуропада AstraZeneca өнімін қолдану уақытша тоқтатылды

Бұл туралы дәрінің жанама әсерін анықтаумен айналысатын Нидерланд ғалымдары хабарлады.

Қазір Дания мен Норвегия өз елдеріндегі вакциналау ісін екі аптаға тоқтатқан. Оған екпе егуден кейінгі қанның ұюы байқалған деректер себеп болған көрінеді. Аталған елдерден бөлек, халыққа вакцина салу ісін тоқтата тұру туралы шешімді Австрия, Кипр мен Люксембург те қабылдады. Өз кезегінде Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі бұл деректерді әзірге препараттың сапасыздығымен я болмаса жанама әсерімен байланыстырып отырмағандарын айтады.