Мексикада ірі жол апатынан 11 адам мерт болды

Мексиканың солтүстігіндегі Нуэво-Леон штатында жол апатынан 11 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 7 жолаушы түрлі жарақат алып ауруханаға түсті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жолаушыға лық толы автобус жанармай таситын жүк көлігімен соқтығысып аударылып түскен. Апаттан кейін жүк машинасы жанып кетті. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.