Египетте тігін фабрикасындағы өрттен 20 адам мерт болды

Египет астанасы Каир маңындағы тігін фабрикада өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 20-дан астам адам мерт болды. Тағы 24 тұрғын түрлі жарақат алған. Өрт Обур қаласындағы 4 қабатты ғимаратта шыққан. қызыл жалынды ауыздықтау үшін 15 өрт сөндіру техникасы тартылған. Ондаған жедел жәрдеп көлігі жараланғандарды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Қазір мамандар апаттан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті. Өрттің нақты неден шыққанын анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Сондай-ақ...