432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

  • 97
Германияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

Елдегі сауда орындары мен сән салондары жұмысын жандандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді сауда орындарының алдында ұзын сонар кезек түзілді. Келушілердің барлығы әлеуметтік ара-қашықтықты сақтап, маска тағып жүрулері шарт. Сонымен қатар телефон нөмірі мен аты жөндерін жазып кетулері керек. Қалдырған ақпараттары жалған болса, айып тағылуы мүмкін. Ал кей дүкендерге барар алдында тұрғындар алдын ала жазылу керек. 

Симье, жергілікті тұрғын:

– Мен баратын дүкеніме интернет арқылы алдын ала жазылдым. Бірнеше минуттан кейін сол дүкеннен шақырту келді. Енді сауданы осылай жасайтын болдық. Десе де бұрынғы тыныс-тіршілігімізге оралу керек.

Маннуэла, жергілікті тұрғын:

– Әрине бәрі бұрынғыдай емес. Дүкеннің ішінде 30 минуттан артық жүруге болмайды. Тіпті таңдаған киімді киіп көруге де рұқсат жоқ. Сондықтан сырға мен күртені ғана ала алдым. Енді басқа дүкенге жазылып қойдым. Қауіпсіздікке келетін болсақ, барлық талапты орындап жатырмыз.

Биыл онлайн сауданың дәурені қызғандықтан неміс поштасы 1,6 млрд тауар жіберген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 процентке артық көрсеткіш. Ал келесі аптадан бастап Германиядағы мұражайлар, кейін мейрамханалар есігін ашпақ. Жергілікті халық қонақүйлер ашылса, ел ішінде саяхаттамақ ниетте. Ал билік болса аймақтағы эпидахуал ушықса, локдаунның қайта жариялануы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы