433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аляскада жауған қалың қар халықты әбігерге салды

  • 111
  • UPD: 11:35, 12.03.2021
Аляскада жауған қалың қар халықты әбігерге салды

Түскен ақ ұлпаның биіктігі жарты метрге дейін жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар ауласын қардан тазалаумен әлек. Табиғаттың тосын мінезінен көше жолдарында көлік қатынасы тежелді. Коммуналдық қызметтің жұмысына тыным жоқ. Жергілікті билік тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Джуди Вестфол, жергілікті тұрғын:

– Мен үшін бұл күтпеген жағдай. Өткен аптада ғана көктем басталайын деп тұрғандай болды. Ал бүгін көңілім түсіп қалды. Қардың осыншама көп жауатынын ойлаған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы