Perseverance Марстың бедерін зерттеуге кірісті

АҚШ ғарыш агенттігінің Perseverance аппараты Марстың тау жыныстарын анықтайтын камерасын алғаш рет іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Камера жоғары қарқынды сәулемен жұмыс жасайды. Құрылғыда оның қалай әрекет етіп жатқанын еститін дыбыс құралы да бар. Бұл қызыл ғаламшар бедерінің қаншалықты тығыз екенін білу үшін орнатылған. Ал апараттың алғаш зерттеуге кіріскен тау жынысы базальт болып шықты. Ғалымдар оның әдетте лавадан түзілетінін айтады.

Еске сала кетейік, Perseverance зонды Марсқа өткен айда қонған. Миссияның басты мақсаты – миллиардтаған жыл бұрын ғаламшар қандай жағдайда болғанын анықтау.

Сондай-ақ...