«Париж-Ницца» велокөпкүндігі: «Астана» шабандоздары алдыңғы ондыққа кірді

Дәл қазір Францияда «Париж-Ницца» велокөпкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі 5-кезеңде қазақстандық клуб мүшелері үздіктер қатарынан көрінбеді. Бірақ жалпы есепте Александр Власов пен Ион Исагирре, сәйкесінше, 5 және 4-орындарда тұр. Жарыстың жалпы қорытындысы 14-наурызда белгілі болады.

Жерлестеріміз жартылай финалға шықты

Бибосынов пен Оралбай ширек финалда. Дәл қазір Германияның Кельн қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Оған еліміздің атынан 8 спортшы аттанды. Мырзағали Айтжанов пен Асқар Еркебаев бастап бапған жігіттер алғашқы жарыс күнін сәтті өткізді. 91 келіге дейінгілер арасында Айбек Оралбай Бельгиялық қарсыласын жеңіп, жартылай фнилаға жолдама алды. Артынша Сәкен Бибосынов та осындай жетістігімен қуатты. Ол жеңіл салмақта жергілікті боксшымен жұдырықтасқан еді. Ал 69 келдегі Асланбек Шымбергенов, өкінішке орай германиялық спортшыға есе жіберді. Қалған боксшылар бүгін шаршы алаңға шығады. Германиялағы турнир 15 наурызға дейін жалғасады. 

Қазақстан қысқы чемпионаты

Еліміздің ең үздік теннисшілері елордаға жиналып, өзара мықтыны анықтап жатыр. Қазақстан қысқы чемпионатының алғашқы жеңімпаздарды да белгілі. Мәселен, жұптық сында Аружан Сағындықова мен София Чурсина барлық қарсыластын айқын басымдықпен ұтты. Ал ерлер арасында Дастанбек Тасболатов пен Григорий Ломакин чемпион атанды. Енді Тасболатов пен Ломакин бүгін жекелей сында жолығады. Екеуі де финалға жолдама алды. Әйелдер арасында елордалық Аружан Сағындықова және 2016 жылға ел чемпионы Гүзел Айнитдинова бас жүлдені сарапқа салады. Күміс және қола жүлде үшін талас та бүгін болады. Нәтижесінде жеңімпаз атанғандар спорттық атақ пен ақшалай сыйақы алады. Теннис федерациясы бірінші орынға 5 мың, екінші және үшінші орынға, сәйкесінше, 3 мың және 2 мың АҚШ долларын табыстауды жоспарлап отыр.

Әлем чемпионаты мәресіне жетті

Алматыда фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні командалық сындар өтті. Бұл бәсекеде қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады. Ірітеу сынында жерлестеріміз 211,62 ұпай жинады. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде ресейлік спортшыларға бұйырды. Екінші орынға швейцариялық, ал үшінші орынға америкалық шаңғышылар жайғасты.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама үшін олжалы болды. Қоржынымызда 3 медаль бар. Могул бойынша Юлия Галышева күміс, ал Павел Колмаков пен Анастасия Городко қола жүлдегер атанды.