Филиппиндік суретші қоқыстарды ерекше туындыларға айналдырды

Филиппинде Гилберт Анджелес есімді суретші қоқыстарды керемет туындыларға айналдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті шебердің қолынан шыққан суреттер бірнеше мың долларға сатылды. 2019 жылдан бері 49 жастағы суретші жиырмадан астам картина салыпты. Анджелестің мұндай іспен айналысуына жергілікті газеттің бірінде жарияланған мақала әскер еткен.

Гилберт Анджелес, суретші:

– Біз әлемде мұхиттарды пластик қоқыстармен ең көп ластайтын елдердің бірі екенбіз. Мен осы туралы оқыған соң адамдардың мәселеге көңілін аударып, оның қаншалықты өзекті екенін сурет арқылы жеткізгім келді.