429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияда ұшақ апатты жағдайда қонды

  • 107
  • UPD: 15:02, 12.03.2021
Колумбияда ұшақ апатты жағдайда қонды

Колумбияда Transcarga компаниясының Airbus A300 жүк ұшағы ұшу кезінде қозғалтқышының бір бөлігінен айырылып, шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Оқиға Колумбия астанасы Богота маңындағы әуежайда болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша ұшу кезінде әуе кемесі сол жақ қозғалтқышымен әуежай маяктарының бірін соққан. Қозғалтқыштың сынған бөлігі Богота аймағына жақын жерге түсті.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы