429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияда балабақшалар мен шаштараздар ашылады  

  • 122
  • UPD: 16:00, 12.03.2021
Португалияда балабақшалар мен шаштараздар ашылады  

Португалияда келесі аптадан бастап балабақша, бастауыш сынып пен шаштараздар ашылатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен екі ай бойы карантинде оқшауланған елде эпидемиологиялық ахуал оңала бастады. Енді билік өкілдері аймақтағы шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетпек ниетте. Мейрамханалар мен кафелер болса мамыр айында ғана есігін ашпақ. Өзге мекемелер Паска мерекесінен кейін ғана жұмысын жандандыратын болады. Десе де, ел премьер-министрі коронавирус індетіне қатысты статистикаға сүйене отырып карантиндік шектеулер әр екі апта сайын өзгеруі мүмкін екенін айтады.

Естеріңізге салайық, пандемия басталғалы 10 млн халқы бар Португалияда 800 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастардың 16 мыңнан астамы дертінен айыға алмай көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы