427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ер адам 32 жылдан бері тасты қорегіне айналдырып келеді

  • 289
  • UPD: 15:33, 12.03.2021
Ер адам 32 жылдан бері тасты қорегіне айналдырып келеді BAOMOI.COM

Үндістанның Махараштра штатының тұрғыны Рамбхау Бодке 32 жылдан бері таспен қоректеніп келеді.

Осы күнге дейін ол денсаулығына қатысты шағым айтқан емес, деп хабарлайды newsflare.com.

Ер адам алғашқы тасты 1989 жылы жұтқан екен. Оған көршісінің «бұл әдіс іштегі ауруды бастады» деген сөзі себеп. Айтқаны дәл келген соң, Бодке тасты күнделікті тұтынуды әдетке айналдырған.

Қазір ақсақалдың жасы 80-де. Күнделікті 250 грам қиыршық тас жейді. Дәрігерлер болса аң-таң. Олардың қарсы пікіріне Бодке құлақ аспайтынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы