Грекияда қуатты жер сілкінісі болды

Грекияда күші 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат ошағы Фессалия аймағынан 9 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жерасты дүмпулерін сезінгені туралы билікке 64 адам хабарлаған.

earthquaketrack.com

Аударған: Г.Абилова