Германияда коронавирустың үшінші толқыны басталды

Індеттің қайта өршуі ел аумағында британдық штамның кеңінен таралуымен байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдері елдің 80%-і вакцина қабылдағанда ғана коронавирустық шектеулер алынатынын айтып отыр.

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институттың директоры:

- Вирус енді ешқайда кетпейді. Азаматтар арасында оған қарсы иммунитет пайда болса ғана, біз оны бақылауда ұстап тұра аламыз.