Чилиде 3,2 тонна есірткі тәркіленді

Чили билігі 3 тонна 200 келіден астам марихуана мен кокаин тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ полиция 6 күдіктіні қамауға алған. Бұдан басқа, заңсыз жолмен алынған 14 көлік, қару-жарақ пен мыңдаған доллар, аргентикалық және жергілікті валютадағы қомақты қаржының жолын кесті. Бірнеше бумаға оралған есірткі заттарға «Кокаин королі» атанған Эскобар Паблоның суреті жапсырылыпты. Колумбиялық атышулы есірткі қылмыскері 1993 жылы рейд кезінде өлтірілген болатын. Ол АҚШ пен Еуропаға жүздеген тонна кокаин жіберіп тұрған.

Родриго Делгадо, Чилидің ішкі істер министрі:

- Шекарадағы күзетті күшейтіп, есірткі тасыған қылмыскерлердің жолын кесуіміз керек. Олар өте қауіпті. Себебі бұл топтардың шетел азаматтарымен байланысы бар.