430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Миннеаполис қаласының билігі Джордж Флойдтың отбасына $27 млн төлейді

  • 124
  • UPD: 14:59, 13.03.2021
Миннеаполис қаласының билігі Джордж Флойдтың отбасына $27 млн төлейді

АҚШ-тағы Миннеаполис қаласының билігі полицейлер өлтірген афроамерикалық Джордж Флойдтың отбасына 27 миллион доллар төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражат сот шығындарына жұмсалуы тиіс. Төлемақы туралы шешімді қалалық кеңес жабық жиналыста қабылдаған. Флойдтың өлімінен кейін құрылған қайырымдылық ұйымы 500 мың доллар аударады. Марқұмның отбасы былтыр шілде айында Миннеаполис билігі мен 4 полиция қызметкеріне қарсы сотқа шағым түсірген. Өтемақы сомасын алқа билер анықтайды. Арызда Флойдтың ажалына себеп болған қылқындыру әдісін алып тастау және полиция жүйесін реформалау талап етілген.

Хабар 24 телеарнасы