Ауғанстанда жойқын жарылыс болды

Ауғанстанның Герат провинциясында жойқын жарылыс болып, кемінде 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 50-ден астамы жарақат алған. Полиция бекетінің жанына қойылған көлікте бомба жарылған. Лаңкестік әрекетті әзір ешбір ұйым мойнына алған жоқ. Бірақ жергілікті билік «Талибан» экстремистерінен көреді. Тәліптер бұл айыптауға жауап қатпады. Айта кетейік, Ресей 18 наурызда Мәскеуде Ауғанстандағы жағдай бойынша халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Джилани Фархат, Герат губернаторының өкілі:

– Өкінішке қарай, құрбан болғандардың 95 проценттен астамы – бейбіт тұрғындар. Сондай-ақ бірнеше үй мен дүкендерге зақым келді.